Ол туралы Қоғамдық кеңестегі референдум қорытындыларын қолдау аясында сараптамалық жиында сөз болды.
Отырыcқа қатысушылар қабылданған конституциялық өзгерістер азаматтардың ерік-жігерін айқындайтынын айтты.
«Жаңа Конституция демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға, мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Парламенті реформаларды іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін бірқатар конституциялық заңдарды қабылдауы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында 70 және 71-баптар қоғамдық-мемлекеттік институтқа арналған», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов.
Қазақстан Халық Кеңесі жаңартылған саяси жүйенің маңызды элементіне айналып, консультативтік құрылымдардың тәжірибесін жинақтай отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететінін атап өтті.
Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі заң шығару бастамасы құқығын беру арқылы едәуір күшейетіні, бұл азаматтардың заң шығару процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетіні айтты.
Сарапшылар аталған конституциялық органды құру билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты одан әрі нығайтып қана қоймай, оны конституциялық реформаларды іске асыру жағдайында сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді.
