ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусиннің айтуынша, бұл сот жүйесіне құқықтың өзекті салаларынан білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
«Енді Академияда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сай келетін азаматтар білім ала алады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оқуға судьяларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін: 29 жасқа толған, жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі бар заңгерлер қабылданады. Қанат Мусиннің айтуынша, 2024-2025 оқу жылында 60 орынға 724 ал өткен оқу жылында – 469 өтініш қабылданған.