Шоқан мерейтойы салтанатты түрде ашылды

Шоқан мерейтойы салтанатты түрде ашылды

Сарыкөл өңіріндегі ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған тойының ресми ашылуы «Батыр» стадионында өтті.

blankblankblankТағылымды мерейтойдың шымылдық ашар сәтінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ғалымның жерлестері мен меймандарды рухани мерекемен құттықтады.

«Ұлы ғалым, этнограф, ағартушы, Шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов — әлем тарихына қазақ халқының бай мұрасын сіңіруге, дүние жүзіне ұлтымыздың мәдениетін, рухани қазынасын танытуға орасан зор үлес қосқан тұлға. Сарыкөлде өтіп жатқан бұл мерейтой — тарихқа тағзым етудің, рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі. Шоқан рухы мәңгі биік, оның өмір жолы жас ұрпаққа үлкен өнеге. Мерекелеріңіз құтты болсын!» — деді Бақытжан Хаберұлы.

blankАл аудан басшысы бұл мерейтой Сарыкөлдік ағайын-жұрт асыға күткен маңызды мерекеге балады, жиылған жұртқа жүрекжарды лебізін жеткізді.blank

«Бұл — Сарыкөл үшін ғана емес, қазақ елі үшін жарқын мереке, тағылымды оқиға. Шоқанның қысқа ғұмырында артына қалдырған ұшан-теңіз мұрасы, қайраткерлік еңбегі — қазақты өркениеттің жаңа белесін көтерген сарқылмас қазына. Киелі өңіріміз, тұтас ұлтымыз ұлы ғұламаны мақтан тұтады. Бұл мереке өткенімізді ұлықтап, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін, бірлік-берекемізді арттыра түсетін тарихи іс-шараға айналары сөзсіз», — деді аудан әкімі Марат Шымырбеков.

blankІзін ала аудан басшысы өңір руханиятына еселі еңбек сіңірген, Шоқан мұрасын түгендеп, ардақты есімін дәріптеуге атсалысып жүрген бірқатар тұлғаны марапаттады. Олардың қатарында Ақылбек Шаяхмет, Серікжан Исмаилов, Тобыл Жандәулетов, Александра Серғазинова, Динара Өтебаева, Солдат Дүтбаев, күнтиместік қазыналы ақсақалдар — Қорғанбек Ғабдулов, Амантай Әубәкіров бар.blankblankblankblankblank

Бұдан соң Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ұжымы сахнаға шығып, әсем ән-күйден шашу шашты, театр әртістерінің қойылымы назарға ұсынылды. Меймандар стадионға тігілген киіз үйлерді аралап, той дәмінен ауыз тиді.
Толық ақпарат кейінірек беріледі.

blankblankblankblankblankblankСуреттерді түсірген — Айдана МАРАТ