Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл жауапты қызметке Маңғыстау облысының тумасы, тәжірибелі құқық қорғау органы қызметкері Алтынбек Қалиев келіп отыр.
Алтынбек Тұрарұлы 2004 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдаған.
Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын Ақтау қалалық ІІБ-ның қылмыстық полиция бөлімінде жедел уәкіл қызметінен бастаған.
Қызметтік жолында түрлі басшылық лауазымдарда табанды еңбек етіп, кәсіби біліктілігін дәлелдеген.
2021 жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы лауазымын атқарып келген.
Сол өңірде тиімді басқаруымен, түзету мекемелеріндегі тәртіп пен тәрбие жұмыстарына оң өзгерістер әкеліп, заманауи басқару тәсілдерін енгізген болатын.
Қостанай облысындағы жаңа қызметінде де заңдылықты қамтамасыз етіп, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жалғасады деп күтілуде.
Жаңа басшыны ұжымға ресми түрде таныстырып, оның кәсіби тәжірибесі мен іскерлік қабілетіне сенім артылып отыр.
