Сенің таңдауың – ортақ болашақ

Сенің таңдауың – ортақ болашақ

Қостанай қаласындағы «Емшан» сауда орталығында маңызды ақпараттық кездесу өтті.

Облыстық Коалиция мүшесі Сотников Евгений Владимирович тұрғындармен экспромт-кездесулер өткізіп, еліміздің ертеңіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында:

• Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді;

• Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толық мәлімет берілді;

• Сауда орталығының келушілері өздерін толғандырған сұрақтарға тікелей жауап алды.

📌 Мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстары Қостанай қаласында күн сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біздің мақсатымыз — әрбір азаматтың саяси сауаттылығы мен болашаққа деген сенімін нығайту.