Сауда үйіне келуші тұрғындарға жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Сауда үйіне келуші тұрғындарға жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Қостанай қаласындағы «Азия» сауда орталығы аумағында жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Өңірлік коалиция мүшесі Алмат Аманқұлов қатысып, сауда орталығының қызметкерлері мен келушілеріне Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тұрғындарға алдағы Қазақстандағы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум маңызы түсіндіріліп, ұсынылып отырған түзетулердің қоғам өміріндегі рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Іс-шара еркін әңгіме форматында өтіп, тұрғындар пікір алмасып, маңызды қоғамдық-саяси өзгерістер жөнінде ашық диалог жүргізуге мүмкіндік алды.