Республика күні: Рудныйда Ту көтеру салтанаты өтті

Республика күні: Рудныйда Ту көтеру салтанаты өтті

Бүгін Республика күніне арналған мерекелік іс-шара аясында Рудный қаласының орталық алаңында ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде 35 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақстанның тәуелсіз даму жолын бастаған тарихи маңызы зор шешім болғанын атап өтті. Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі – елдігіміз бен бірлігіміздің, мемлекет тұтастығының салтанатты көрінісі.blankblankblankblankblankblankblankПрезидент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өңірлердің өркендеуі Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі кепілі саналады.blank blankblankblankОсы бағытта Қостанай облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары өңір экономикасына 5,3 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, машина жасау саласы өндіріс көлемі бойынша республикада бірінші орынға шықты. Әлемдік брендтермен бірлескен жоғары технологиялық кәсіпорындар іске қосылып, соның ішінде KIA автомобиль зауытының ашылуы ерекше маңызға ие болды. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып, 1 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Жол-көлік инфрақұрылымы жаңартылып, 1 400 шақырым автожол жөнделді.blank blankblankБілім беру, денсаулық сақтау және спорт инфрақұрылымы белсенді түрде дамуда. Жүргізілген барлық жұмыстар өңірдің шикізаттық бағыттан заманға сай индустриялық орталыққа айналуына негіз болып отыр.blankblankblankblankРудный қаласы – облыстың экономикасын ілгерілетіп отырған жетекші индустриялық орталық. Қалада жаңа өндірістер ашылып, стратегиялық жобалар жүзеге асырылуда. «ССГПО» базасында ыстық брикеттелген темір өндіретін ірі зауыттың құрылысы басталды, бұл тәуелсіздік жылдарындағы металлургия саласындағы ең көлемді жобалардың бірі саналады.blankblankblankСалтанатты іс-шара соңында өңір басшысы қала тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің амандығын, бірлігін және тәуелсіздіктің мәңгі болуын тіледі. Ресми бөлімнен кейін тұрғындар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.blankblankblankblankblankblank

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев