«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.
Оның айтуынша, референдум – елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға. Мұндай шешімдер халықтың қатысуымен қабылдануы мемлекет дамуы үшін аса маңызды. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы керек.
