Қостанайлық гольфшілер шетелде тәжірибе алмасты

Қостанайлық гольфшілер шетелде тәжірибе алмасты

Жуырда Қостанай  гольф мектебінің» тәрбиеленушілері Максим Тарасенко мен Иван Гаврилов жасөспірімдер арасындағы республилық құрама сапында оқу-жаттығу жиынына қатысып келді.

Оқу-жаттығу жиыны араб мемлекеті – Оман Сұлтандығының астанасы Маскат қаласындағы Ghala Golf Club гольф клубының базасында ұйымдастырылды.

«Жиында спортшылардың техникалық, тактикалық және психологиялық дайындығын жетілдіруге, сондай-ақ командалық үйлесімділікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Құрамалар арасында жолдастық кездесулер ұйымдастырылды. Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген жігерін көрсетті», – дейді жерлестеріміз.

blank blank

Халықаралық деңгейдегі бұл жиын жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Шетелдік базада жаттығып, халықаралық бәсекеде бақ сынау олардың кәсіби шеберлігін арттыруға және алдағы жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуіне көмектеседі.

Василий Васильев