Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен  Ерлан Ахметсапаұлы Андабаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Ерлан Ахметсапаұлы Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі тағылымдамашысы қызметінен бастаған. Қызметтік жолында жауапты лауазымдарды атқарып, мол тәжірибе жинақтады.

Әр жылдары Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысының Алакөл және Сарқан аудандарының прокуроры, сондай-ақ Қонаев қаласының прокуроры қызметтерін атқарды. 2022 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан асады.

Жаңа қызметінде Ерлан Ахметсапаұлына заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіру міндеті жүктеледі.