Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық
Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев мәлімдеді.
— Өңірімізде ең ауқымды іс-шараларының бірі – «Qostanai Investment Forum – 2025» форумы KIA Qazaqstan автомобиль зауытының базасында өтеді. Биылғы форумның басты тақырыбы – «AI өңірлік даму жүйесінде». Бұл форум аймақтың цифрлық трансформациясына және инновациялық дамуына серпін беріп, инвестиция тарту үшін ең ірі алаң болмақ, — деді ол.
21 тамыз күні сағат 15:00–18:00 аралығында «IQostanay» оқушылар сарайында форумға арналған іс-шара өтеді. Ал келесі күні сағат 10:00-де технологиялық көрме ашылады. Онда облыс кәсіпорындарының цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы жетістіктері ұсынылады. Сонымен қатар Astana Hub стартаптары, «Яндекс Қазақстан», «Қазахтелеком» АҚ және ірі IT-компаниялар өз жобаларын таныстырады.
Форумның пленарлық отырысына:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мадиев, ҚР Президентінің цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Қуанышбек Есекеев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, «Қазахтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин,
сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы сарапшылар қатысады.
— Бұл форум Қостанай облысының инновациялық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастыруға зор үлес қосады деп сенемін. Біздің өңір жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу арқылы елдің цифрландыру саласында жетекші орынға шығуға талпынуда, – деді Азамат Қашиев баспасөз мәслихатында.
