Алдағы республикалық референдум қарсаңында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.
Диалог алаңы колледждің оқытушылары мен қызметкерлерін біріктірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң жобасының негізгі ережелері бойынша жан-жақты жауаптар алды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина қатысып, ұсынылып отырған өзгерістерге кеңінен тоқталды. Ол аталған түзетулердің әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар кездесуге Конституция жобасын түсіндіру жөніндегі өңірлік коалиция мүшесі Динара Өтебаева қатысты. Ол педагогикалық қауымдастықпен және жастармен өткізілетін осындай кездесулер құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жастарды қолдау, еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ отандық экономика үшін білікті кадрлар даярлау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтуға және ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал
