Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы цифрлық дәуірдің заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, алғаш рет жеке деректерді конституциялық деңгейде қорғауды қамтиды.
Жеке өмірдің құпиялылығы құқығын цифрлық ортаға қатысты бекіту арқылы мемлекет азаматтардың ақпараттарын заңсыз жинау, өңдеу және таратудан қорғауға нақты міндеттеме алады.
Бұл мемлекеттік қызметтердің цифрлануы, электрондық платформалардың дамуы және киберқауіптердің өсуі жағдайында аса маңызды.
Конституциялық нормалар тек декларативтік сипатта қалмай, сала заңнамасын одан әрі жетілдіру үшін негіз болып саналады.
Жақында қабылданған Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заңы осы құқықтық бағытты логикалық тұрғыда жалғастырады.
Заң жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және қолдану кезінде жеке деректерді, құпиялықты және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын анықтайды.
Осылайша, кешенді реттеу моделі қалыптасады: Конституция азаматтардың цифрлық құқықтарын негізгі кепілдіктер ретінде бекітсе, жасанды интеллект туралы заң олардың іске асырылу тетіктері мен бұзушылықтар үшін жауапкершілікті нақтылайды.
Бұл технологиялық дамуды адам құқықтарын қорғаумен теңестіруді қамтамасыз етіп, елдің қауіпсіз және тұрақты цифрлық экожүйесін қалыптастырудың басты шарты болып есептеледі.
Бибігүл АҚҚОЖИНА,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты
