Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің қаржымыз, жұмысымызға қатысты құжаттар, жеке және тіпті биометриялық деректеріміздің барлығы дерлік цифрлық кеңістікте сақталады.
Осыған байланысты жеке ақпарат аса құнды ресурсқа айналып отыр. Оны иеленуге тек компаниялар мен жарнама платформалары ғана емес, алаяқтар да мүдделі. Сондықтан жеке ақпаратты, яғни дербес деректерді қорғау мәселесі айрықша маңызға ие.
Цифрлық құқықтың негізгі бағыттарының бірі – жеке деректерді қорғау. Әр адамның аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі және басқа да жеке мәліметтері сенімді қорғалуға тиіс. Егер бұл деректер тиісті деңгейде сақталмаса, ол жеке тұлға үшін түрлі қауіптерге, соның ішінде қаржылық шығындарға және жеке өмірге қол сұғушылыққа алып келуі мүмкін.
Сондықтан дербес деректерді заңсыз жинау, сақтау және пайдалану тәуекелі артып отырған кезеңде жеке деректерді қорғауды конституциялық деңгейде нақтылау бастамасын толық қолдаймын және оны уақыт талабына сай дұрыс шешім деп санаймын.
Рихсибай МАМЕДОВ,
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық
университетінің президенті
