Қостанай қаласының әкімі қоғамдық көліктерге батырлардың есімін беруді ұсынды

Қостанай қаласының әкімі қоғамдық көліктерге батырлардың есімін беруді ұсынды

Қостанайдағы алдағы ауқымды іс-шараның бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі. Осыған байланысты қала әкімі Марат Жүндібаев Кеңес Одағы батырларының құрметіне қоғамдық көліктерді осы кісілердің аты-жөнімен атауды ұсынды.

 «Бүгінгі таңда Қостанайда екінші дүние жүзілік соғысының сегіз ардагері тұрады. Денсаулық жағдайларын бақылау керек, шеруге барлығы қатыса алмайтын болар. Осы жағын қаперге алыңыздар. Одан кейін, менің бір ұсынысым бар. Кеңес Одағының батырлары бейнеленген үлкен жапсырмаларды басып шығарып, оларды автобустарға жапсырыңыздар. Мысалы, бір автобус Сұлтан Баймағамбетовтің, екіншісі Иван Павловтың есімімен аталады. Жолаушылар QR кодын сканерлеп, батыр туралы және оның ерлігі туралы барлық ақпаратты біле алады. Бұл басқа ірі қалалар мен елдерде  бар тәжірибе. Тұрғындар мен қонақтар қостанайлық батырларды білуі керек. Мұны аялдамаларға да істуге болады», – деді қала әкімі Марат Жүндібаев бұл туралы.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу