Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қатысуымен әскери қызметшілердің әйелдерімен тағылымды кездесу өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қатысуымен әскери қызметшілердің әйелдерімен тағылымды кездесу өтті

6697 әскери бөлімінің клубында Әйелдер кеңесінің бастамасымен «Отбасы тәрбиесі — қоғам негізінің бастауы» тақырыбында әскери қызметшілердің жұбайларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылуында Әйелдер кеңесінің төрағасы, майор Жанар Ибрагимова кіріспе сөз сөйлеп, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.

Ол кездесудің басты мақсаты — әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау, тәрбиелік-танымдық әңгімелер арқылы олардың қоғамдағы рөлін арттыру екенін жеткізді.

Кездесуге шақырылған құрметті қонақтар да мазмұнды пікірлерімен бөлісті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Ғайния Қалимжанқызы Есеева отбасындағы ұлттық тәрбие мен ананың рөлі туралы тағылымды ой қозғады. Сонымен қатар, Аналар кеңесінің мүшесі, «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қостанай филиалының жетекшісі Арыстан Базаркүл Қапарқызы жұптар арасында психологиялық тренингтер өткізіп, Аналар кеңесінің мүшесі, «Adam» медициналық орталығының маманы Виктория Бурикуловна Хакимова әскери қызметшінің жары болу — үлкен жауапкершілік пен рухани төзімділікті қажет ететінін тілге тиек етіп, отбасындағы өзара қолдаудың маңызын атап өтті.

blank

Кездесу барысында штаб бастығы подполковник А. Асылбеков әскери қызметтің ерекшеліктері мен оның отбасылық өмірге әсері туралы ой бөлісіп, әскери ортада отбасылық құндылықтарды сақтау жолдарын айтты. Ал әскери полиция бөлімшесінің офицері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді.

blank

Кездесу қатысушылар арасында ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу алаңына айналды. Әйелдер кеңесі ұйымдастырған бұл игі шара әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетіп, отбасындағы сыйластық пен тәрбиенің қоғам үшін маңызын тағы бір дәлелдеді.