Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев бүгінгі аппарат кеңесінде жергілікті полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, 100 компьютердің сертификатын табыстады.
Қалалық ішкі істер бөлімінде 800-ден астам адам жұмыс істейді. Барлығы 100-ден аса учаскелік инспектор бар. Құқық қорғаушылар қоғам игілігі үшін күндіз-түні қызмет етуде.

– Қандай да бір төтенше жағдай бола қалса алдымен полиция қызметіне жүгінеміз. Қоғам қауіпсіздігін сақтауда полицейлердің еңбегі зор. Біз қалалық бюджет есебінен полицейлердің жұмысына қажетті компьютер сатып алдық. Жаңа компьютерлер тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізеді деп ойдамын, – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.
Қазақстан полициясы күніне орай Қостанай қалалық полиция басқармасының бірнеше қызметкері еңбектегі жоғары табысы үшін Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бүгін, 23-маусым – Қазақстан полициясы күні екенін еске саламыз. Бұл мереке 2007 жылдан бастап ресми түрде аталып өтеді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
