Арқалықта мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Арқалықта мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында салтанатты жиын өтіп, мереке иелерін қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. 2002 жылы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы қарар қабылдаған болатын.

blank Осы ұйымға мүше мемлекет ретінде 2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.

blankСалтанатты шақта сөз алған қала әкімі мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып өтті.

«Ел Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанды құру әрбір мемлекеттік қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін» деп атап өткен болатын. Сол себепті де, мемлекеттік қызметшілерге заманауи, сапалы қызмет көрсету міндеті қойылып отыр. Өйткені, хадықтың билікке деген сенімі мемлекеттік қызметшінің іс әрекеті мен кәсіби қызметінен басталады», – деді қала әкімі Әмірхан Асанов өзінің мемлекеттік қызметшілерді құттықтау сөзінде.

blank blank Бүгінде Арқалық қаласы бойынша 25 мемлекеттік орган бар. Оның ішінде 11-і мемлекеттік мекемелер, 13-і ауылдық әкім аппараттары. Барлығы 131 мемлекеттік қызметші болса, оның 8-і мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдардан бері табысты еңбек етіп келеді.

blankЖыл сайын мемлекеттік қызметшілер қатары жас мамандармен толығуда. Биылдың өзінде 6 жас маман жұмысқа қабылданып, мемлекеттік қызметші атанды.

blankҚаланың әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілері өздеріне тапсырылған міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар, қоғамдық өмірге де белсене араласып, түрлі жарыстарда, байқауларда топ жарып жүр.

blank

Таяуда ғана Қостанай облысы бойынша әкімшілік саяси мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада Арқалық қаласының мемлекеттік қызметшілері І-орынды жеңіп алды. Қала әкімінің орынбасары Абзал Ташимов Өскеменде өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық жарыста спорттың тоғызқұмалақ түрінен қола медалды қоржынға салып, ел мерейін асқақтатты.

Мерейлі мерекеде қала әкімі әріптестерінің жоғары жетістіктеріне алғысын білдіріп, облыс, қала әкімдерінің «Құрмет грамоталарын» өз қолымен табыс етті. Мемлекеттік қызметшілердің ата – аналарына да лайықты құрмет көрсетілді.

blank blank blank blank blank blankblankblankblankblankblankМереке иелерінің құрметіне қала өнерпаздары ән-күйден, мың бұралған биден шашу шашты.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы