Қазақ күресінен үздіктер анықталды

Қазақ күресінен үздіктер анықталды

Ұзынкөл ауданында  қазақ күресінен өткен облыстық чемпионат жас палуандар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңына айналды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында аудан әкімі Марат Жұрқабаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Арнайы келген құрметті қонақтарға шапан жауып, өңірдің спорт саласына үлес қосып жүрген азаматтарға сый-сияпат көрсетті.

Бұл игі дәстүр ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Ауқымды турнирдің өтуіне демеушілік көрсеткен «Алтай» ЖШС директоры Ермек Кукенов пен шаруа қожалықтарының басшылары Сәбит Күлтаев, Виталий Неред, Магомед Алиев және Руслан Мусин сынды азаматтардың еңбегі зор. Олардың қолдауы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мүмкіндік берді.

Боз кілемде палуандар 5 түрлі салмақ дәрежесінде белдесіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Әр белдесу тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жас спортшылардың қайсарлығы мен жеңіске деген жігері ұлттық спорттың болашағы зор екенін дәлелдеді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Турнир қорытындысында өңірімізге танымал спорт ардагерлері мен спорт үздіктері жеңімпаздарды марапаттап, алғыс хаттар мен төсбелгілер табыс етті. Бұл чемпионат жас палуандарға жаңа белестерге жол ашып, қазақ күресінің дамуына серпін берген маңызды шара болды.

Бота МАНЕТ