Қалалық ТКШ бөлімінде жаңа басшы

Қалалық ТКШ бөлімінде жаңа басшы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жаңа басшысы болып Дәурен Асқаров тағайындалды. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен кезекті аппарат кеңесінде белгілі болды.

Дәурен Асқаров – жоғары білімді маман. 2011 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Соңғы сегіз жылда – 2018 жылдан 2025 жыл аралығында облыстық энергетика және ТКШ басқармасында жұмыс істеген. Бес жыл басшылық қызмет атқарды.

«Басқарушылық қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар. Нағыз осы саланың адамы. Қаладағы күрделі мәселелерді шешу үшін дәл осындай майталман маман қажет болған еді. Сізге табыс тілеймін», – деді қала әкімі.