Коалиция мүшелері сапарын Арқалықтан бастады

Коалиция мүшелері сапарын Арқалықтан бастады

Бүгін Жалпыұлттық коалиция мүшелері Кенжеш Оразғалиқызы мен Айбек Таңатбаев Арқалық қаласына барып, қаланың энергетик мамандарымен кездесті. Мамандар өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Оған спикерлер байыпты жауап беріп, референдумның маңызын түсіндірді.

Жалпыұлттық коалиция құрамына саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сараптамалық және ғылыми ұйымдар, сондай-ақ елдің белсенді әрі бейжай қарамайтын азаматтары кірген болатын. Жиынға облыстық мәслихатының депутаты Абыл Ерденов пен Арқалық қалалық «AMANAT» партиясының өкілдері де шақырылды.

blank

Биыл 11 ақпанда Мемлекет басшысы «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Келесі күні Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланды. «Әділетті және Прогрессивті
Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция құрылды.

«Бұған дейін ауқымды әрі мазмұнды дайындық жұмыстары жүргізілді. Алты ай бойы Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастық жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысты. Аталған үдеріс белсенді қоғамдық талқылаумен қатар жүріп, оның барысында мыңдаған ұсыныс, пікір мен бастама жиналып, ескерілді», – деді Кенжеш Оразғалиқызы.

blank

Осындай ұзақ әрі жүйелі дайындық жаңа Конституцияның теңгерімді әрі жан-жақты ойластырылған жобасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Коалиция мүшесі Айбек Таңатбаеатың айтуынша, осындай ұзақ әрі жүйелі дайындық жаңа Конституцияның теңгерімді әрі жан-жақты ойластырылған жобасын қалыптастыруға ықпал етпек.

«Жаңа Конституция жобасы – ұзақ әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Алты ай бойы Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, БАҚ басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сарапшылар және ғылыми қауымдастық бірлесіп еңбек етті. Мыңдаған ұсыныс пен бастама жинақталып, жан-жақты сарапталды. Нәтижесінде теңгерімді әрі халық үні ескерілген маңызды құжат қалыптасты», – деді Айбек Таңатбаев.