Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев жазғы Пара Азия ойындарының жүлдегерлері Тұрсынай Қабыл мен Динара Құтжолованы құттықтады.
– Біздің мақтанышымызсыздар. Алдағы уақытта да өтетін жарыстарда сәттілік тілеймін, – деді қала әкімі.
Спортшыларға 500 мың теңге, ал олардың жаттықтырушыларына 250 мың теңге мен Қостанай облысының логотипі бар қол сағат тарту етті.
Тұрсынай Қабыл пауэрлифтингте күміс жүлде жеңіп алса, Динара Құтжолова дзюдодан қола медаль иеленді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген автор