“Достар” КВН мәреге таяды

“Достар” КВН мәреге таяды

“Мирас” мәдениет сарайында “Достар”КВН облыстық лигасының жартылай финалы өтті.

Оған облыстың қалалары мен аудандарынан 6 команда қатысты. Жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге. Ойын екі сайыстан тұрды: “Визитка” және “таныс сюжет”.

Ойын қорытындысы бойынша “Каперские” (Қостанай), “Бренд” (Жангелдин),”Канн фестивалі” (Қарасу), “РФ ЖК” (Қостанай) командалары финалға жолдама алды.

ФИНАЛ қоғамдық даму басқармасының қолдауымен қараша айында өтеді.

Әсел ҚИБАШ

Суреттерді жастар ресурстық орталығы ұсынды 

Жаңалықтармен бөлісу