Жітіқарада жыл сайын QUIZ ойынға қатысушылардың саны артып келеді. Бұл жолы km QUIZ соңғы іріктеу интеллектуалды ойындарына 9 команда өздерінің логикалық тапқырлықтарын байқатты. Ойын әдеттегідей керемет қарқынды болды. Қатысушылары көптеген жағымды эмоциялар білдірді.
Үшінші орынды «Автофарт»командасы(автокөлік кәсіпорны), ал екінші орынды » Непросто красивые » (қала құрамасы) иеленді. Соңғы іріктеу ойынының қорытындысы бойынша жыл финалына бір команда шықты және бұл » Синдикат магния » (КМ құрама командасы болды).
Айта кетейік, 2023 жылдың соңғы ойыны желтоқсан айында өтеді. Интеллектуалды күреске «Alash», «Свежие душнилы «, «404» және » Синдикат магния «командалары жиналады.
@qazetakm
Жітіқара ауданы