Арқалық өңірлік штабының көмегі зор

Арқалық өңірлік штабының көмегі зор

Көктемгі су тасқынынан болған табиғи апатқа байланысты ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған қоғамдық штаб халыққа көп көмегін тигізіп жатыр.

Құзырлы тұлғалардың зардап шеккен тұрғындарды уақытылы қабылдап, су басқан аумақтарды аралаған жедел іс-қимылдарының арқасында көптеген күрмеуі қиын мәселелер жолға қойылды.

blank

Халыққа ең басты қажеттілік баспана хақында туындаған түрлі түйінді проблемалар оң шешімін тапты.

blankblankblank

Осы іспен үнемі біте қайнасып, басы-қасында жүргендердің бірі — Арқалық өңірлік штабының мүшесі, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Абыл Ерденов.

blank

«Штаб жұмысын бастасымен Екідің, Қызылжұлдыз ауылдарына барып, тасқын судың тұрғындарға келтірген зардабын өз көзімізбен көрдік. Екідің ауылында 4 үйдің мәселесін қайта қарауға жібердік. Қазір ол ісіміз оң шешімін тауып, халық алғыстарын айтып жатыр. Қала іргесіндегі «Новый» кентінің Киевская көшесі №12 үйі де біздің араласуымызбен «тұруға жарамсыз» деп танылды. Үй тұрғындарына қаладан үй іздеуге мүмкіндік берілді. Родина ауылында да осындай баспана мәселесінің оңтайлы шешілуіне ықпал жасадық. Үй расында да тұруға жарамсыз, құлап, бүлініп тұр», – дейді Абыл Ерденов.

Сондай-ақ, орайы келгенде өңірлік штаб мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Абыл Ерденов су басып, халық қиналған кезде біркісідей жұмылып жұмыс істеп, ұйымшылдық танытқан ел үкіметіне, еріктілерге, облыстық, қалалық мәслихат депутаттарына, әкімдіктер қызметкерлеріне алғысын білдірді.

blankblank

Бүгінгі таңда өңірлік штаб өз жұмысын жалғастыруда. Апатты жағдайға байланысты тұрғындардан қандай да бір түсінбеушілік, арыз — шағымдар болса қабылдап, кеңес беруге, жәрдемдесуге әзір.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы