Республикалық референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында өңірлік коалиция мүшелері «Азурит» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат беріліп, олардың мәні мен маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Жиында өңірлік коалиция мүшелері — Әлібек Табулденов, Дина Жанарстанова және Манара Мадинина сөз сөйлеп, ұсынылып отырған реформалардың елдің одан әрі дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасып, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
