Облыста қызылшаға қарсы екпе алмағандар көбейді

Облыста қызылшаға қарсы екпе алмағандар көбейді

Жыл басынан бері Қостанай облысында қызылша ауруының 280 жағдайы тіркелді. Облыс бойынша аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 33,8-ді құрап отыр.

Мамандардың мәліметінше,  ауру жұқтырғандардың басым бөлігі (91,4 пайызы) екпе алмаған азаматтар. Бұл көрсеткіш вакциналаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Екпе алмағандарға тоқталсақ, олардың:
– 99 адам (38,6%) вакцинадан саналы түрде бас тартқан;
– 88 адам (34,4%) екпе жасына жетпеген;
– 45 адамның (17,2%) екпе мәртебесі анықталмаған;
– 24 адамда (9,4%) медициналық қарсы көрсетілім болған.

Аймақтық бөліністе қызылша деректерінің ең көп саны Қостанай қаласында тіркелген — 160 жағдай. Сонымен қатар, Арқалық қаласында 52 жағдай, Қостанай ауданында 22 жағдай және Амангелді ауданында 14 жағдай анықталған.

Дәрігерлер тұрғындарды қызылшаға қарсы екпе алуға шақырады. Себебі вакцинация — аурудың алдын алудың ең тиімді жолы. Мамандардың айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың басым бөлігі уақытылы екпе алуы қажет.