Қостанай қаласында 1-маусымнан бастап жаңадан екі автобус маршруты іске қосылады.
Жаңа маршруттар Аэропорт шағын ауданы, Солтүстік-батыс аумағы, Ұлы дала саябағы, «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығы, Индустриялы аймақ, Триатлон саябағы сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандардың арасында қатынайды.
Сонымен қатар 1-сәуірден бастап №7, №24, №105 автобус маршруттарының жүру бағытына бірқатар өзгерістер енеді.
Жаңашылдықтар туралы бүгін таңертең Қостанай қаласы әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде мәлім болды.
Қала әкімдігі тұрғындардың ұжымдық өтінішін талдай отырып жаңа маршруттардың бағытын жасады.
Желіге жаңадан қосылатын №4 автобус Ұлы Дала саябағы, 7,8,9-шағын аудандар, Аэропорт шағын ауданы, Солтүстік-батыс шағын ауданы, «Kostanay Plaza» СОО, сондай-ақ также Индустриалды аймақ арасын жалғайды.

Жаңа маршруттың екіншісі №6 автобус Триатлон саябағынан бастап, Фролов көшесі жағынан кіріп, Крнасный Кузнец көшесі жағынан шығады, қаланың орталығынан өтіп, облыстық ауруханаға соғады, одан кейін «Kostanay Plaza» СОО мен олимпиада резервін даярлау орталығына (бассейн) барады.
«Тасымалдау тиімділігін зерделеу үшін 1-маусымнан бастап осы аталған екі жаңа маршрутты пилоттық негізде іске қосу ұсынылады. Зерттеудің қорытындысы бойынша жаңа бағыттарды іске қосу туралы шешім қабылданады. Көпшіліктің сұранысына ие болса маршруттарды тұрақты пайдалану құқығына конкурс өткізіледі», – деп түсіндірді Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Дәурен Асқарова.
Қымбат ДОСЖАНОВА
