Мәслихат депутаттары еңбек ұжыммен кездесті

Мәслихат депутаттары еңбек ұжыммен кездесті

Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жаңбыршина мен Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Төлетаев «Олжа Агро» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді. 

Алдағы өзгерістердің басты бағыттары және олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын айтты.

Әсіресе, әділеттілік қағидаттарын нығайту, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту, өкілді органдардың рөлін күшейту және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

 

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған түзетулерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Ашық диалог форматында кездесу қатысушылары пікір алмасып, ұсыныстарын білдіріп, стратегиялық маңызы бар бастамаларды талқылауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және жүргізіліп жатқан реформалардың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.