Қарапайым қағидаттан шығамын, құқық тек оны қорғауға мүмкіндік бар жерде ғана мәнге ие екенің заңгер ретінде жақсы түсінем.
Кез келген Конституцияның мәні, егер оның нормаларын тиімді қорғау мүмкін болмаса, жоғалады.
Сондықтан мен үшін басты өзгеріс – конституциялық бақылаудың күшейтілуі және азаматтардың құқықтарын нақты қорғау механизмдерінің кеңейтілуі.
Ешбір заң немесе мемлекеттік органның шешімі Конституциядан жоғары болмауы тиіс.
Ешбір лауазым негізгі заңның үстемдігі қағидатынан иммунитет бермейді. Күшті және тәуелсіз конституциялық бақылау – бұл:
— қарапайым емес, әділетсіз шешімдерге тосқауыл;
— адамның құқықтарын бұзатын нормаларды тоқтатуға арналған құрал;
— билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз ету;
— Конституцияның тек символикалық емес, нақты әрекет ететін құжат екендігін көрсету. Адам құқықтары – декларация немесе саяси риторика емес. Бұл – процессуалдық қорғау механизмдерін қажет ететін құқықтық категория.
Мен, заңгер ретінде әділетсіз норманы сот арқылы қарап, оны конституциялық емес деп тануға мүмкіндік беретін жүйені қолдаймын.
Азамат ретінде мен заңның биліктен жоғары тұрған мемлекетте өмір сүргім келеді.
Мен Жаңа Конституцияны қолдаймын, себебі мен құқықтық мемлекетте, Конституция нақты құрал ретінде жұмыс істейтініне сенемін.
#референдум
