IQanat қоры ауыл балаларының әлемдік үздік білім ордаларында оқу ақысын төлейді

IQanat қоры ауыл балаларының әлемдік үздік білім ордаларында оқу ақысын төлейді

IQanat – ауыл балаларына әлем бойынша ең жақсы білім алуға бірегей мүмкіндік бермек. Қор кез келген «Лига плюща» университетінде бакалавриатқа түскен мектеп оқушыларының шығындарын 100%-ға жабады.

Бағдарламада тек оқуды ғана емес, сонымен қатар студенттердің бүкіл оқу кезеңінде тұруын, тамақтануын және жол жүруін қаржыландыру қарастырылған.

Мұндай бұрын-соңды болмаған шешім болашақ үлкен мақсатқа жету үшін қабылданып отыр: IQanat Қазақстан ауылдарындағы дарынды балаларға білім беру жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға күш салады.

«Лига плюща» – түлектері бүкіл әлемге танымал АҚШ-тағы ең беделді 8 жеке университет тобы. Олардың ішінде мемлекет басшылары, әлемдегі алпауыт компаниялардың жетекшілері, ғалымдар, зерттеушілер, Нобель, Пулитцер және басқа да халықаралық сыйлықтардың көптеген иегерлері бар.

Лигаға Гарвард, Йель, Браун, Колумбия, Корнелл, Принстон университеттері, Дартмут колледжі және Пенсильвания университетіоқу ордалары кіреді.

 IQanat жобасының бастамашысы және қамқоршысы – Айдын Рахымбаев:

«Біз елдің ең бір шалғай өңірлерінде, алыстағы ауылдарында небір дарынды да талантты балалардың барына анық сенеміз. Олар мысалы қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті ойлап табуға және тұтас әлем мен елді басқаруға және миллиардтаған долларлық стартаптарды әзірлеуге қабілетті болуы мүмкін. Мұндай жауһарларды тек іздеп тауып, содан кейін жақсы білім түрінде демеп жіберу жеткілікті. Кез келген айқанаттық өреннің «Лига плюща» құрамына кіретін оқу орындарында білім алуын төлейміз дегенде, біз бұл әлемде балалардың қолы жетпейтін ештеңе жоқ екеніне сендіргіміз, бойларындағы үрей мен қорқынышты жеңуге көмектескіміз келеді. Біздің Қор болашақта IQanat табалдырығынан қарапайым ғана ауылдың қарадомалақтары Гарвард пен Иель түлегіболып ұшып шығатынына еш күмәнданбаймыз. Мүлдем күмәнданбаймыз және жарқын келешекке бірге қадам басамыз».

 «Лига плюща» жоғарғы оқу орындарында білім алу арқылы балаларға зерттеу, халықаралық алмасу және кәсіби даму үшін әлемдегі ең кең көкжиектер ашылады. IQanat қабілеті жоғары студенттерге қолдау көрсете отырып, осы жастардың ғана емес, бүкіл елдің болашағына үлес қосады. Тиісті университеттердің түлектері өз салаларында көшбасшы атанбақ.

Жаңалықтармен бөлісу