«Құрметті профессор» атанды

«Құрметті профессор» атанды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ғылыми кеңестің шешімімен ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, білім мен ғылымға мол еңбек сіңірген оқытушыларға «Құрметті профессор» атағы берілді.

Мұндай мәртебілі атаққа аталмыш білім ордасының «Орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Зинаида Қолдасбаева,«Қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Ардақ  Абдуллина, Қатира Шәкірова, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушысы, «Барыс» спорт клубының жетекшісі Қанат Қонысбаев, «Педагогика және филология» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Айбек Қалиевтер болды.

Жалпы, бұл жоғары атақ- институттың бұрынғы немесе жұмыс істейтін оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің, ірі бизнес өкілдерінің, ғылымның, мәдениет пен білімнің еңбек сіңірген қызметкерлерінің ерекше еңбегін, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік азаматтардың институттағы білім беру, ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және халықаралық қызмет саласындағы сіңірген еңбегін тану үшін құрылған.

«Құрметті профессор» атағына ғылым докторы, PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, институттың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар ұсынылады.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу