Туған жерден тамырын үзбей отырған жанның бірі – Манарбек Әбдірахманов ағамыз. Ол өмірінің отыз алты жылын Меңдіқара ауданының орман шаруашылығына арнаған жан. Қазір орман шаруашылығында шебер болып еңбек етеді. Манарбек аға Жапалақ немесе Күзекшоқ бөлімшесінде тұрады.
Әкесі Сайын ақсақал да өмір бойы орман күзеткен. Жиырма жыл орманшы болып еңбек етіп, құрметті зейнеткерлікке шыққан. Әке жолын жалғаған ұлы бүгінде сол аманатқа адал болып отыр.
«Мен негізі агроном мамандығын оқыдым. Бірақ ол салада жұмыс істемедім. Кейін темір ұстасы болдым. Артынан әкемнің жолын қуып, орманшы болып кеттім, – дейді Манарбек аға. – Әкем үнемі «ақ таяғымды кірлетпе» деп айтып отыратын. Әкемнің атына кір келтірмей еңбекетіп келемін. Алла қаласа, енді зейнетке шығамыз», – дейді ол.
Манарбек аға бұл маңайды өте жақсы біледі. Балалардың бәрі қалада тұрса да, жұбайы екеуі бұл жерді тастап кеткісі жоқ. Жұбайы Гүлнар апа бие байлап, қымыз піседі. Пандемия кезінде талай жанды осы қымызбен ауруына арашы болып алып қалған еді.
Бұл өңірде бұрын өзге ұлт өкілдері де тұрған екен. Бірақ олардың өзі қазақша сөйлеп, қазақы ортаға сіңіп кеткен.
«Попов деген орыс жігіті болды. «Руым Балта Керей» депайтатын, – дейді Манарбек аға езу тартып. – Кезінде тіршілігі қайнаған қандай ауылдар еді, шікркін! Мал бордақылау алаңдарында қаншама мал сойылатын. Мал басы да әлдеқайда көп еді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын бруцеллез шығып, мал азайды. Оның үстіне жайылым да тарылып барады. Бұрынғы шабындықтардың орнына егін егіле бастады».
Манарбек аға ауыл тағдырына алаңдайды.
«Мектептегі бала саны азайыпбарады. Егер мектеп жабылса, ауылдың да күні бітеді. Үкімет тарапынан нақты қолдау болып, оңтүстіктен көш келсе ғана бұл ауылдар қайта жандануы мүмкін», – дейді орманшы.
Соған қарамастан бұл жақта елдің еңсесін түсірмей жүрген азаматтар баршылық. Жергілікті кәсіпкер Мақсұт Ережепо вқолдан келгенше жұртқа көмектесіп жүреді. Ауылда арнайы қор да құрылған. Сол қор арқылы кей мәселелерге қаражат бөлінеді екен.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Василий Васильев
Меңдіқара ауданы
