Динара Өтебаева: «Төлем жүйесін бір ізге түсіру маңызды»

Динара Өтебаева: «Төлем жүйесін бір ізге түсіру маңызды»

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне қатысушылар азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылының практикалық қырларына ерекше назар аударды.

Кеңес төрағасы Динара Өтебаева қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұранысы жоғары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жедел алу қызметіне мониторинг жүргізілгенін айтты.

«Қызметке сұраныс жоғары болғанымен, қарапайым ұйымдастырушылық мәселелер әлі күнге дейін шешілмеген. Азаматтар қызмет ақысын сол жерде төлей алмауына байланысты қосымша уақыт жоғалтуға мәжбүр. Бұл «бір терезе» қағидатын бұзады және артық кедергілер туғызады. Цифрлық шешімдер бар кезде қағаз түбіртектерді талап ету ескірген тәсіл және қайта қарауды қажет етеді», – деді Динара Өтебаева.

Аталған қызметке сұраныс жоғары. Алайда мониторинг көрсеткендей, қазіргі ұйымдастыру тәсілдері клиентке бағдарланған қызмет көрсету қағидаттарына сай келмейді. Қазіргі таңда төлем «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

blank blank

Бірақ мамандандырылған ХҚКО ғимаратында төлемді ыңғайлы жүргізуге қажетті жағдайлар қарастырылмаған. Атап айтқанда, төлем қабылдау бөлімшесі, төлем терминалдары, QR-код арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеу мүмкіндігі жоқ.

Зарина ЖҰМАҒҰЛОВА,

ҚӨУ студенті