Ел болашағы – білімді де отансүйгіш жастардың қолында. Осы мақсатта Амангелді ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қыран елім, Қазақстаным!» атты жас патриоттар форумы ұйымдастырылды. Рассвет негізгі орта мектебінің базасында өткен бұл шара ауданның белсенді жастарының басын қосты.Форумның басты мақсаты – мектеп оқушыларының бойында отаншылдық сезімді қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту […]
Бүгінгі жастар – Мағжан Жұмабаев арманы
Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев өз туындыларында жастарға артқан үміті жайлы жазады. Ұлы қайраткеріміздің “Мен жастарға сенемін!” сөзі әлі күнге дейін өз маңызы мен құндылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті қазіргі жастарды Мағжан Жұмабаев арманындағы тұлғалар деп атау өте маңызды.
Қайта бастауға болады: бір тағдыр, бір таңдау
Қоғамда тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің ауыр сынақтарына тап болған жандар аз емес. Солардың бірі – Арман.
Арқалық: жастар пікірталас алаңында
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде «Жастар және Конституция: құқықтық сана қалыптастыру» тақырыбында пікірталас турнирі ұйымдастырылды.
Арқалықта жас сарбаздар сайысты
«Жас сарбаз» слеті мектептер мен колледждердің әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірмелері арасында ұйымдастырылды.
Жастардың арманы Қазақстанда қалу ма, шетелге кету ме?
Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір жастың көкейінде «Болашағымды қай елмен байланыстырамын?» деген маңызды сауал тұр. Бірі туған жердің түтінін түтетіп, осында еңбек етуді жөн көрсе, енді бірі шекара асып, өзге елдің тұрмысын көргісі келеді.
«Ауыл» жастары демалыс алаңын дайындауға көмектесті
«Ауыл» партиясының Қостанай өңірлік филиалы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бастамасымен ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетіліп, игі іс жүзеге асты.
Арқалық университеті түлектеріне жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде түлектерге арналған жұмыс жәрмеңкесі есігін айқара ашты.
Мемлекеттік қызметке жастар қажет
Облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен ҚР ҰҚК-ның Шекара қызметі жастарды жұмысқа қабылдауға ынталы. Олар жас толқынға жоғары жалақы, әлеуметтік қолдау көрсетуге дайын.
Журналистер аллеясындағы сенбілік
Қостанай облысының Журналистер одағы БАҚ қызметкерлерін журналистер аллеясында өтетін сенбілікке шақырады.
