Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат шақырылды.
Нәзипа шәкірттері дипломдарын алды
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде диплом табыстау рәсімінің салтанатты іс-шарасы қалың қауымға жылулық сыйлады.
«Agro Eco Hub: еріктілер экопрактикасы арқылы өсімдіктердің 100 түрі бар жылыжай құру»
Жобаның мақсаты Қостанай облысында жылыжай құру және тұрақты егіншілік, биоалуантүрлілік және эко ағарту бойынша практикалық оқыту іс-шараларын өткізу арқылы экологиялық волонтерліктің орнықты практикасын қалыптастыру.
«Мақсатым үздік болу емес, өз арманыма жету еді»
Қостанайлық өрімдей қыз әлемдік деңгейдегі Carnegie Mellon университетінің грантын жеңіп алды. Халықаралық IT байқауларында топ жарып, сонымен бірге музыкалық Гран-приді қоржынға салу мүмкін екенін дәледеді.
Аманқарағайда балалар лагері ашылды
Аманқарағай ауылында бұған дейін көпшілікке белгілі «Комаров» лагері жұмыс істеген болатын. Алайда төтенше жағдай кезінде өртке оранып, балалардың сүйікті демалыс орны жарамсыз күйге түсті. Бүгінде оның орнында заман талабына сай жаңа лагерь бой көтеріп, балалар игілігіне пайдалануға берілгенін бұрын да жазған болатынбыз.
Жастар және цифрлық дәуір: жаңа мүмкіндіктер мен жауапкершілік
Қазіргі таңда цифрлық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе жастар үшін интернет пен әлеуметтік желілер ақпарат алудың, білім жетілдірудің және қарым-қатынас орнатудың маңызды құралы болып отыр. Цифрлық дәуір жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанымен, белгілі бір жауапкершілікті де талап етеді.
Төлеңгіт ауылына жастар мамандар келді
Төлеңгіт – Меңдіқара ауданындағы оншақты үй бар елді мекен. Мал ұстауға ыңғайлы, өмір сүруге қолайлы жер. Осы ауылға былтыр ғана келін болып түскен әріптесіміз Балауса Жүніс тұрады.
Досболдың дара биігі
Дзюдо күресінен жаһандық жарыстарда жарқырап көрініп жүрген жерлестеріміз көп емес. Сол аздың бірі – дарынды балуанымыз Досбол Балғабай. Жас та болса, осы кезге дейін ел қоржынына салған олжасы қомақты. Батырымыз әлем үздіктерін тізе бүктіріп, бірнеше мәрте биік тұғырдан көрінді.
«Әдет қалыптастырудың Атом әдеті»
«Зейін» оқырмандар клубының кезекті спикерлік кездесуі «Әдет қалыптастырудың Атом әдеті» тақырыбында әлемге кеңінен танымал «Атом әдеттер» кітабының мазмұнына арналды. Бұл жолы жиын қонағы — кітапхананың тұрақты оқырманы Аружан Қамбарова қатысушылармен әдет қалыптастырудың тиімді жолдары, тұлғалық дамудағы жүйеліліктің маңызы және тұрақтылыққа жетудің нақты қадамдары туралы ой бөлісті.
Алғашқы құжат — Қостанай облысы полиция қызметкерлерінен
Мамыр мерекелері қарсаңында Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері он алты жасқа толған азаматтарға салтанатты түрде жеке куәліктерін табыстады.
