Биыл бұл күн «Бүгін және болашақта жастардың үміті мен ұмтылыстарын жүзеге асыру» ұранымен өтуде.
Бұл тақырып еліміздің тұрақты дамуы адамнан және жас ұрпаққа жасалатын мүмкіндіктерден бастау алатынын еске салады.
2026 жылдың басындағы дерек бойынша Қазақстандағы жастардың саны 5,8 миллионнан асты. Сондықтан демографиялық даму мәселелері еліміз үшін ерекше маңызға ие. Ал тиімді демографиялық саясат сапалы статистика мен жан-жақты талдауға негізделеді.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (UNFPA) демографиялық статистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
