Амангелді ауданында “Рамазан қоржыны” таратылды
Тобыл-Торғай тынысы

Амангелді ауданында “Рамазан қоржыны” таратылды

Рамазан айында аудандық Сатыбалды ишан мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының Президенті  Аманкелді қажы Әбдіхалықовтың демеушілігімен «Рамазан қоржыны» қайырылымдылық акциясы ауданымызда екінші мәрте өтті.

Толығырақ
Амангелді ауданында кәсіпкер әйел жаңа өндірісті іске қосты
Тобыл-Торғай тынысы

Амангелді ауданында кәсіпкер әйел жаңа өндірісті іске қосты

Қала да кәсіп те, өмір де бар дейміз. Сондықтан болар көбі ауылдан қалаға кетуге әуес. Алайда, ауылда қалып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Сондай кәсіпкердің бірі – аманкелділік «Жомарт» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Айгүл Салауатқызы. Ол мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант алып, құрама жем өндіру кәсібін ашқан.

Толығырақ
Біреуге су, біреуге шу керек
Басты жаңалықтар, Тобыл-Торғай тынысы

Біреуге су, біреуге шу керек

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қолданысқа енгізілгеннен бері Жанкелдин ауданында көптеген ауқымды жоба жүзеге аса бастады. Жергілікті халықтың басты талабы таза ауыз су еді. Мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Қазіргі таңда Шеген ауылына су тұшыту қондырғысын орнату жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар Сужарған ауылында да жалғасын табады.

Толығырақ
Жітіқарада республикалық теміржол бағытын ашу бастамасы көтерілді
Мәселе, Тобыл-Торғай тынысы

Жітіқарада республикалық теміржол бағытын ашу бастамасы көтерілді

Жуырда Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Өтегенов аудандық мәслихат депутаттары және аудан ақсақалдарымен дөңгелек үстел өткізді. Күн тәртібінде Жітіқара-Қостанай-Көкшетау-Астана бағытында тікелей теміржол қатынасын ашу мәселесі қаралды.

Толығырақ
Аймақтан қандай хабар бар?
Тобыл-Торғай тынысы

Аймақтан қандай хабар бар?

Күн райы күрт құбылады Облыста.Синоптиктердің болжамынша, өңірде алдағы күндері ауа райы нашарлайды. 14-15 сәуірде облыстың солтүстік, батыс және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Тіпті көктайғақ, бұрқасын болады деген жорамал бар. Жұма мен сенбі күндері солтүстік, батыс өңірлерде жел жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетпек.   Халыққа берілген мүмкіндік Лисаков. Биыл қалада Халық қатысатын бюджет жобасын […]

Толығырақ
Жас актерлер қойылымы
Тобыл-Торғай тынысы

Жас актерлер қойылымы

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген мақалды тек келеңсіз жәйіттерге ғана қолданамыз. Неге? Әлде ертеден санамызға қалыптасқандықтан ба? Дәл осы халық даналығын жақсы әрі игілікті істерге неге қолданбасқа? Мәселен, өнер саласына қарай бағыттап көрейік. Өнерлі адам көпшіліктің ортасынан бойында талабы бар дарынды баланы байқайды делік. Яғни, мың адамның ішінен бір адамды өнерлі деп таныды. Енді […]

Толығырақ
Бата – тынысың, тағам – ырысың ????????????????????????????????????
Мәдениет, Тобыл-Торғай тынысы

Бата – тынысың, тағам – ырысың

Осындай атаумен Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары мен бата беру дәстүрін дәріптеп, өнегелі салтын насихаттауға арналған аудандық сайыс өтті. Жайылған ақ дастарханда қазақтың ұмыт бола бастаған тағам түрлері самсап тұрды. Оны үлкендер жақсы білсе де, жастар үшін таңсық еді. Сайысқа атсалысқан қазақтың келіндері байқаудың шарты бойынша төңкерме, ұйқыашар, […]

Толығырақ