Қамыстылық футболшылар облыс чемпионатының қола жүлдегері атанды 

Қамыстылық футболшылар облыс чемпионатының қола жүлдегері атанды 

Бұл қамыстылық футболшылардың Қостанай облысының аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі тарихындағы алғашқы жеткен жоғарғы жетістігі.

Қостанай қаласында 23-26 сәуір аралығында футболдан жарыс өтті. Аудандық жасөспірімдер құрамасын Әділ Бижан жаттықтырады.

Тартысқа толы ойын бәсекесінде қамыстылықтар өздерінің дағдыларын көрсете отырып, қарсыластарына лайықты бәсеке көрсетті. Салауатты өмір салтын ұстануы, сауатты стратегия және командадағы өзара түсіністік оларға алаңда артықшылық берді. Олар барлық кезеңдерді сенімді түрде жеңіп, құрметті қолаға ие болды.

Марапаттау рәсімінде Қостанай облысы футбол федерациясының вице-президенті Болат Ысқақов жігіттерді құттықтап, Қамысты ауданының командасы алғаш рет облыс чемпионатында жүлделі орынға ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы» номинациясында Дмитрий Чернов марапатталды. Ол жақында облыс құрама командасымен бірге Шымкент қаласында өтетін футболдан республикалық аттанды.⠀

“Біз жаңа жетістіктерге қуаныштымыз. Алда әлі де көптеген жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. ал әзірше жаттығуды және ойын техникасын жетілдіруді жалғастырамыз”, – деп бөлісті жаттықтырушы Әділет Бижан.

 

Арсен КОНКАЕВ,

Бағдат МҰСАБЕК,

ҚӨУ студенттері.

Қамысты ауданы

Жаңалықтармен бөлісу