Су тасқынының Рудный қаласы аумағына тигізген зардабы да аз болған жоқ. Бүгінде қауіп-қатер сейілсе де апат салдарымен күрес жұмыстарының ұзаққа созылар түрі бар.
Дәмді көпірін жергілікті полицейлер күндіз-түні күзетіп тұр (ВИДЕО)
Әулиекөл мен Жалдаманың арасын жалғап тұрған Дәмді көпірі осыдан 51 жыл бұрын салынған.
Арқалықта өңірлік штаб жұмысын бастады
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда іс-қимылдарды үйлестіру бойынша қоғамдық штаб құрылды.
Арқалық қаласына қоныстанушылар қатары арта түсуде
Арқалық қаласына қарасты, үйлерін су басқан Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарының қаладан үй алуға өтініш берген тұрғындарының қатары көбейді.
«Қарғыс арқалағымыз келмейді». Қала әкімі қауесетке жауап берді
Тасқыннан зардап шеккендерге баспана үшін бөлінген ақшаны қолма-қол алғысы келеді. Алайда, үкімет қаражатты тек пәтер сатып алуға ғана беріп отыр. Арқалық қаласынан пәтер алушылардың баспаналары таяу уақыттарда толығымен рәсімделіп, пәтерлерінің кілттері табысталатын болады.
Арқалық аумағында жол жөндеу жұмыстары басталды
Су тасқынан кейін оңтүстік өңірлердің жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Бұл жөнінде Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Айбар Сейтқазинов айтып берді.
Су ортасында қалған елді мекендердегі көп үй тұруға жарамсыз
Облыстың оңтүстік өңірлерінде Залалды өтеп беру жөніндегі комиссия өкілдері жүргізген алғашқы тексерістен кейін қанша үй-жайдың қирап-бүлінгені анықталды.
Арқалыққа оқу-ағарту вице-министрі келді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева су тасқынынан зардап шеккен Қызылжұлдыз, Екідің ауылдарының балалары білім алып жатқан қаладағы М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебіне барып, оқушылармен, педагогтермен кездесті.
Ауылдардағы электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр
Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің көбінде әлі электр жарығы жоқ. Осы олқылықтарды қалпына келтіруге облыстық жедел штаб жіті назарға алды.
Қарағандыдан Қостанайға қырық тонна гуманитарлық көмек келді (ВИДЕО)
Бүгін Қостанай қоймасы Қарағанды жұртынан жеткен гуманитарлық жәрдеммен толыға түсті. Көл-көсір көмекті сол облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері жеткізіп беріп отыр.