Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің көбінде әлі электр жарығы жоқ. Осы олқылықтарды қалпына келтіруге облыстық жедел штаб жіті назарға алды.
Бүгінде 29 елді мекенде электр жарығы қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарғы 160-қа жуық адам мен 52 техника жұмылдырылды.
Су тасқыны кезінде Аманкелді, Жанкелдин, Алтынсарин, Қостанай, Қарасу, Б.Майлина, Денисов, Қарабалық, Федоров, Меңдіқара, Сарыкөл аудандары мен Арқалық, Қостанай, Тобыл қалаларында ішінара электр жарығы өшірілді.
Облыс бойынша су тасқыны кезінде 1414 электр бағанына нұқсан келген, оның 52-і — жоғары вольтты. Облыстағы 54 елді мекенде электр жарығы мүлде болған жоқ.
Барлық ірі елді мекенде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. 25 шағын ауыл электр қуатын шектеуде, оның 15-і әзірге электр қуатынсыз қалды.
Бұл ретте, 10 елді мекенде халықтың электр қуаты бар, бірқатар заңды тұлғалар (дүкендер, ШҚ және т.б.) электр қуатынсыз. Қазіргі уақытта смета әзірленді, қажетті материал дайындалып жатыр.
Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары, өкінішке орай, баяу жүргізіліп жатыр. Себебі су топыраққа тез сіңбей, салдарынан батпақта техника қозғалысы шектеліп тұр.