Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева су тасқынынан зардап шеккен Қызылжұлдыз, Екідің ауылдарының балалары білім алып жатқан қаладағы М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебіне барып, оқушылармен, педагогтермен кездесті.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Есламбек Мәметеков төтенше жағдай кезіндегі оқу процесінің ұйымдастырылуымен таныстырды.
Бүгінгі таңда судан зардап шеккен екі ауылдың балалары эвакуациялық пункттерге орналастырылған.
Вице-министр оқушылалардың жатын орындарының жағдайларымен танысып, ол жерден мектепке дейін балаларды таситын арнайы автобустың ұйымдастырылғанын, әр сенбі, жексенбі күндері қаладағы білім беру мекемелерінің бастамасымен оқушылардың демалыстары тиімді ұйымдастырылып жатқанына қанықты.
Балалардың біраз бөлігі еліміздегі шипажайларға жіберілген.
Сапар барысында ҚР Оқу ағарт у министрлігінің вице-министр Қызылжұлдыз ауылындағы су шайған мектепті көріп, ауылдың тасқыннан кейінгі ахуалымен де арнай барып танысты.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы