Картинг- арнайы миниавтомобиль карттарында ұйымдастырылатын жарыс. Карт — спорттық шағын машина. Оның ұзындығы 1.6 м, ені 70 см, биіктігі 50 см болып келеді. Картинг спорты адамды машинаны жақсы жүргізе білуге, батылдық пен жинақылыққа баулиды.
Арқалықта жас спортшы чемпионаттан жүлдемен оралды
Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында арқалықтық жас спортшы Еділ Нұрахмет 33 келі салмақ дәрежесіне дейінгі сайыста екінші орынды иеленіп, күміс медалды қоржынға салды.
Басты бәсекеге дайындық қалай?
Қостанай облысындағы ауқымды спорттық іс-шаралардың бірі — «Тың Целина» спартакиадасы. Спорт додасы биыл 27-30 шілде аралығында Алтынсарин ауданының Силантьев ауылында өтпек.
Қостанайлық әскери қызметкер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің ефрейторы Мәлік Байсұлтанов джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық олимпиадада қамыстылықтар жеңімпаз атанды
Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен облыстық спартакиаданың биылғы бас жүлдесін қамыстылықтар жеңіп алды. Бұл жолы 35 команда спорттың тоғыз түрінен сайысқа түскен еді.
Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті
Тобыл қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада ойындары өтті. Биылғы іс-шараның ауқымы кеңейіп, 35 команда спорттың тоғыз түрінен сайысқа түсті.
Азулы қарсыластан үш ұпай олжалады
Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының 12 турында Қостанайдың «Тобылы» петропавлдық «Қызылжар» командасын қабылдады. Ол ұжым былтырғыға қарағанда күшейген.
Орталық стадионда дүбірлі футбол додасы өтеді
3 маусым күні «Тобыл» футбол клубы Қостанайдың «Орталық» стадионында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдайды.
Лисаковта заманауи спорт кешені салынады
Лисаков қаласында бұқаралық спортты дамытуға жақсы көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, мұнда ашылған спорт кешендерінің барлығы дерлік жекеменшік кәсіпорындардың қарамағында. Қала халқы дене шынықтыру ошақтарының тегін әрі қолжетімді болғанын қалайды. Алдағы уақытта тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жол ашатын заманауи спорт кешені салынбақ.
Көктемгі «Jas Liga» ойынының кубок жеңімпаздары анықталды
Қостанайда «Jas Liga» спорттық ойындарының көктемгі маусымы мәреге жетті. Волейбол, баскетбол және шағын-футболдан жеңімпаз командалар анықталып, ақшалай сертификаттармен марапатталды. Оларға жалпы қоры бір миллион теңге көлеміндегі жүлде үлестірілді.
