Орталық стадионда дүбірлі футбол додасы өтеді

Орталық стадионда дүбірлі футбол додасы өтеді

3 маусым күні «Тобыл» футбол клубы Қостанайдың «Орталық» стадионында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдайды. Кездесу сағат 18:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді ресми сайттан (fctobol.kz.) сатып алуға болады. 1 маусымнан бастап билеттер стадионның кассасында сатылады.
Сондай-ақ, Тобыл-Қызылжар матчы өтетін күні сағат 16.00-ден бастап:
– жанды музыка (Madison Live Band)
— интерактивті ойындар мен викториналар
— «Тобыл» ФК естелік сыйлықтарын беру
– смартфон ұтыс ойыны
– қайырымдылық аукционы
— «Тобыл» баскетбол клубын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.
Дәстүр бойынша, қайырымдылық аукционында соңғы жылдардағы ойын жейделері мен басқа да футбол лоттары ұсынылады. Барлық түскен ақша қайырымдылыққа жіберіледі!
Аукцион «Орталық» стадионының аумағында 3 маусым күні, сағат 17:10-да басталады. Қостанайлықтар, стадионға келіп, сүйікті командаларыңызға қолдау көрсетіңіздер!

Жаңалықтармен бөлісу