Қостанайда 6697 әскери бөлімінде Жазғы Президенттік көпсайыстан Орталық өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өткізілді.
Қостанайлықтар жеңісті жұлып алды
Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының он бірінші турында Қостанайдың «Тобылы» көкшелік «Оқжетпеске» қонаққа барды. Аталған ойын алаң иелерінің стадионы дайын болмағандықтан «Астана арена» спорт кешенінде өтті.
«Қостанай қыраны» анықталды
Биылғы «Қазақстан барысына» палуандарды Іріктеу бәсекесінде былтыр финалда бақ сынаған қос жүйрік тағы жолықты. Алайда осы жолы арқалықтық Аслан Сағитбек жерлесі Алмас Жұмағалидан басымырақ түсті. Осылайша Аслан Сағитбек осы жолы сәтті өнер көрсетіп, «Қостанай қыраны» атанды.
Олжа сыйлаған ашық турнир
Жітіқара қаласында еркін күрестің негізін қалаушы Н. В. Балобановты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен XIV ашық облыстық турнир өтті.
«Super bol!» жобасы: Үлкен мүмкіндік
Жастардың асыға күтетін жобасы «SUPER BOL» спорттық реалити-шоуы Қостанай өңірінде жалғасын тапты. Қаладағы «Тобол» база футбол алаңында жобаның екінші маусымына іріктеу өтті.
Тобыл–Шахтер: Алғашқы ойын жеңіспен аяқталды
Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы ойындарының аясында Қостанайдың «Тобылы» кеншілер командасын қабылдады.
Марафоншылар 16 күнде 5000 шақырымды жүгіріп өтті
Елімізде табиғаты тамаша жер көп. Таңғажайып табиғатты тамашалау, саламатты өмір салтын насихаттау, жүгіру мәдениетін қалыптасыруды «NOMAD run» ультрамарафонына қатысуышлар негізгі міндеттеріміз деп біледі. Аталған марафоншылар Қостанай қаласына да келді. Олар осы уақытқа дейін Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Петропавл сынды өңірлерді жүгіріп өткен. Барлық облыс орталығы арқылы […]
Аманкелді ауданында жасөспірімдер арасында суда жүзуден жарыс өтті
Аманкелді аудандағы Ақтұрсын Омарұлы атындағы балалар мен ересектерге арналған жабық бассейн мен спорттық-сауықтыру кешенінде жарыс өткізілді. Жарыс 2008-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында суда жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Фариза Балғатайқызының жүлдесіне арналған.
Қостанайда шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті
«Kazakhstan Special Olympics» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы Еуропалық арнайы олимпиадалық футбол апталығы аясында шағын футболдан облыстық турнир өткізді. Жыл сайынғы турнирге Қостанай облысының 14 білім және әлеуметтік қорғау мекемелерінен 17 команда қатысты.
Жерлестеріміз әзірге көш басында
Қостанайда балалар мен жасөспірімдер арасында гандболдан Қазақстан чемпионаты өтуде. Онда Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының командалары бақ сынап жатыр.
