Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ақтық сайысында сынға түсті.
Қостанайда кикбоксингке жаңа леп: жаңа мекенжайда жалғасқан жұмыс
Биыл «Сұлтан» спорт клубының жұмысында да өзгеріс болды. Бұған дейін клубтың негізгі жаттығу базасы Асылхан Бұсырманов негізін қалаған спорт залында орналасқан еді. Алайда тамыз айының соңында зал иелері нысанды басқа азаматтарға жалға беру туралы шешім қабылдаған.
САНЖАР ӘДІЛОВ ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды.
АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Қазақстандық триатлоншы Арлан Жанабай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
Жапонияда Азия ойындарына қатысушы елдердің тулары көтерілді
ХХ жазғы Азия ойындарының қарсаңында Жапонияда қатысушы елдердің ұлттық делегацияларын қарсы алуға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Арқалықта «Жас сарбаз» сайысы өтті
Сайысқа қатысушылар тәртіп пен төзімділігін, ептілігі мен мергендігін, білімі мен әскери машығын сынға салды. Әр команда білім ордасының намысын абыроймен қорғап, жеңіске деген жігері мен командалық бірлігін көрсетті.
Көшпенділер ойынында жеңімпаз атанған торғайлық шабандозға құрмет көрсетілді
Таяуда Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлесіміз Ахмет Есен ел намысын абыроймен қорғап, 300 шақырымдық алыс қашықтықтағы ат жарысында алтын медаль иеленген еді.
Ақ халаттылар алаңға шықты: Шымкент құрамасы топ жарды, жерлестеріміз жүлдегер атанды
Қостанайда медицина қызметкерлері арасындағы V республикалық спартакиада сәтті аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген ақ халатты абзал жандар бұл жолы кәсіби міндеттерінен бір сәт алшақтап, спорттық бәсекеде бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте, үшінші орын Түркістан облысына бұйырды, ал Қостанай облысының құрамасы екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды шымкент қаласының құрама командасы жеңіп алды.
Ақтөбеде екі жарым мың жас ауыл спортшысы бас қосты: V Жазғы ауыл жасөспірімдер ойындары басталды
Ақтөбеде еліміздің 17 облысынан жиналған 2,5 мың жас спортшы бір апта бойы спорттың 10 түрінен бақ сынамақ.
