«Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Рудный қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері психотроптық заттарды сақтап, таратты деген күдікпен 16 жастағы Теміртау тұрғынын ұстады.
Аса ірі мөлшердегі аграрлық субсидия қаржысын ұрлаған үш азамат сотталды
Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы тексеріс барысында мал азығын арзандатуға бөлінген субсидияны ұрлау және селекциялық жұмыстар жүргізу деректерін анықтады.
Қамауда отыр. Қостанайлық жастар есірткі саудасымен айналысқан
19 және 21 жастағы достар тәуекел жасап, заңсыз есірткі саудасымен айналыспақ болған. Әрекеттері әшкере болып, үстілерінен қылмыстық іс қозғалды.
Ерлі-зайыпты алаяқтар 34 адамды несие алуға көндірген
Залал көлемі екі жүз миллион теңгеден асады. Осынша адамды алдаған сотталушылар өз кінәларын толық көлемде мойындамайтындарын айтады.
Қостанайда есірткі өсіретін жасырын фитозертхана жойылды
Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған жасырын фитозертхананы анықтады.
Үйінде – қару, ауласында – марихуана: Қостанай облысында ауыл тұрғыны ұсталды
Облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Б. Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны қолға түсті.
Перизат Қайраттың қылмыстық жоспары қандай болған? Айыптау нұсқасы жария етілді
Астанада Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр. Прокурор Мәдина Оразалина айыптау актісін оқыды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайда кәмелетке толмаған есірткі курьері бас бостандығынан айырылды
Өткен жылдың күзінде 25 синтетикалық есірткі дозасын алып жүрген жерінен ұсталған 16 жастағы колледж студентіне қатысты айыптау үкімі шығарылды. Жасөспірім қылмыстық желінің қатарына қосылып, есірткі таратумен айналысқан.
Қостанайда есірткі саудасымен айналысқан ірі Telegram-арна әшкере болды
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы департаменті әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнаның қызметіне тосқауыл қойды. Бұл шара Прокуратураның үйлестіруімен сәтті жүзеге асты.
Арқалық қаласының блогері бірнеше қылмысқа күдікті деп танылды
35 жастағы азаматты полиция зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шараларында ұстады, деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.