Торғайдың киелі төсінде Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы республикалық турнир өтуде.
Арнайы Алаш арысының тойына тігілген ақшаңқан киіз үйлердің жанында көрініс тапқан күрестің жанкүйерлері қалың. Иінтірескен халық білектілердің күш сынасын бір деммен тамашалауда.

Сайыс палуандар арасында бірнеше салмақ дәрежесінде сарапқа салынып,бас жүлде жеңімпаздар арасында жеребе тарту арқылы бағы жанған сайыпқыранға берілмек. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп күресіп жатқан палуандардың арасында сан сайыстан озық шыққан спортшылар да көптеп саналады.

Бас жүлде автокөлік, өзгесін жылқы және қаржылай қомақты сыйлықтар құрайды.

Киіз үйлер маңы да мерекелік көңіл күй құшағында.


Әр қала мен ауданның киіз үйлерінің ауласынан ән мен жыо үзілмей, той тамашалаған елдің емін-еркін сайрандауына қолайлы жағдай туғызылған.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттепді түсірген — автор
Жанкелдин ауданы
