Облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Б. Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны қолға түсті.
Оның үйінен қолдан жасалған атыс қаруы, ал ауласынан марихуана өсімдіктері табылды.
«Үйде тінту кезінде полицейлер қолдан жасалған қаруды тауып, тәркіледі. Сараптама оның ойық ұңғылы атыс қаруы екенін және атуға жарамды екенін анықтады. Сондай-ақ ер адам үй іргесіндегі учаскесінде алты түп марихуана өсірген. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 11,5 килограммнан асты. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды», – делінеді ПД баспасөз қызметі хзабарламасында.
Полиция азаматтарға қару мен есірткіні заңсыз сақтау ауыр қылмыс екенін, ол үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
