Аса ірі мөлшердегі аграрлық субсидия қаржысын ұрлаған үш азамат сотталды

Аса ірі мөлшердегі аграрлық субсидия қаржысын ұрлаған үш азамат сотталды

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы тексеріс барысында мал азығын арзандатуға бөлінген субсидияны ұрлау және селекциялық жұмыстар жүргізу деректерін анықтады.

Тексеру нәтижесінде аудан прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігіндегі 2-тармағы бойынша, яғни аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдарын бастады.

«Қылмыстық істі Қостанай облысының прокуратурасы тексерді. Тергеу нәтижелері бойынша, сотқа берілген үш адамның кінәсі анықталды. Сотталушылардың кінәсін толық мойындауына байланысты сот қылмыстық істі қысқартылған тәртіппен қарады», – деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Бейімбет Майлин ауданы сотының 2025 жылғы 4 қыркүйектегі үкімімен сотталушылар нақты бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне үкім шығарылды, айыптылар сот залында қамауға алынды.
Сонымен қатар мемлекет пайдасына сотталушылардан келтірілген залалды өтеу есебінен 96 млн теңгеден астам қаражат ортақ тәртіппен өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сералы МЫРЗАБАЙ

иллюстрация: qazaq gazetteri